Дала бусанып, тағы да көктем келді. Көктеммен бірге мереке де келді. Мереке адам жүрегіне куаныш сыйлар сиқырлы күн. Осы көктем айында келетін мейрамдардың бірі 9 мамыр Жеңіс күні. Бұл күнді біз зор куанышпен, аталарымыздың канымен келген жеңісті ерліктерін еске ала отырып тойлаймыз. Олардың отан үшін отқа да, суға да түскен жанкешті ерліктерін өз көзімізбен көрмесек те, бізге аталарымыз, әкелеріміз аңыз қылып айтып отырады. Батыр аталарымыз Бауыржанның батылдығын, Қасымның қайсарлығын, Рақымжанның ержүрек, ептілігін естіп, оларды өзімізге үлгі тұтамыз. Сондай үлгі тұтар тұлғалардың бірі атам Шопашев Сақтаған еді.

Шопашев Сақтаған 1919 жылы 4 қазанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бестам ауылында дүниеге келген. 1937 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Қызылорда қаласына педагогика училищесіне окуға түскен. Осы училищенің 2 курсын тәмәмдаған жылы яғни, 1939 жылы совет армиясына шакырылып, 1941 жылы соғыска аттанады. Әкемнің айтуынша, ол 1941 жылдың маусымынан 1942 жылдың ақпанына дейін 38 атқыштар бригадасында, 1942-1943 жылдар аралығында 1323 аткыштар полкінде отан корғаған. Әкем өзінің естеліктерінде 1942 жылдын 5 ақпанында басынан және колынан қалай жаракаттанғанын, ондағы жауынтерлердің қиын да қыл ұшындағы тағдырын, соған қарамай Отан үшін жан аямай соғысканын жыр ғып айтатын»- дейді әкем Ерлан Сақтағанұлы. Сол кезде көз алдыма ешнәрседен қорықпай қасқайып тұрып, қаруларымен жауын жайратып жатқан солдаттар елестейтін.

Атам 1942 жылы екі аяғынан бірдей жарақаталғаннан кейін, 1943 жылы әскер катарынан босаткан. Әскерден кайткан атам ауыр жаракатына қарамай, түзде жүріп ел қорғаған ісін елге келіп, бала оқытумен жалғастырған.

Ұстаздык жолын Шиелі ауданындағы №47 Ломоносов атындағы мектептен бастаған ол 1968 жылдан бастап зейнеткерлікке шықканға дейін №148 орта мектебінде кызмет еткен. Үйдің төрінде ілулі тұрған атамның суретіне карап көп ойға берілемін. Еш киындыкка жаншылмаған атамның өр кеудесіндегі медальдар әрбір ерліктерін паш еткендей жарқырап түр.

1942-1943 жылдары 1323 атқыштар полкіндегі ұрыстары үшін алған марапаттары сол бір канды балак соғыстың, өлшеусіз ерліктің куәсіндей үйде сақтаулы тұр. Жыл сайын 9 мамыр – Ұлы женіс күнін ел болып, халық болып, салтанатпен тойлап жатады. Төрт ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірген ардақты атамның сүйіспеншілігін іздеп бір күрсінсем, осы кездегі бейбіт те тыныш күндерді тарту етуге қосқан еңбегін мақтанышпен еске алып, шаттанамын. «Менің атам ел қорғаған батыр» – деген ой басыма келсе, рухым асқақтап, кеудемді кемел куаныш билейді. Ерліктерін аңыз ғыпайтар ел барда, аталар рухынан тәлім алған біз барда ешкім де ешнәрсе де ешкашан ұмытылмайды.

Немересі

Сақтағанова Ақерке

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!