Kyzylorda-news.kz. Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы QAZAQSTAN ұлттық арнасының «Facebook» парақшасында жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!