фото:instagram.com/erbolat_saurykov

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Оқу-ағарту министрлігіне балаларды асырап алу мәселесіне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Оның сөзінше, заң жобасының атауында тек қана адам саудасы мәселесі реттелуі көзделген. Соның ішінде бесінші тарауды қарасақ, жетімдер мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қорғауға бағытталғаны туралы да жазылған.

Қазақстанда бала асырап алғысы келетіндердің саны жыл сайын көбейіп жатыр. Бірақ асырап алынған балалардың балалар үйіне қайтару саны да азаймай, үнемі өсіп жатыр. Мысалы, соңғы 5 жылда балалар үйіне қайтарылған балалардың саны 64 пайызға өсті. 2020 жылы 160 бала қайтарылды. 2021 жылы 197 бала қайтарылды. 2022 жылы 217 бала қайтарылды. Бұл мәлімет дереккөздерден алынған. Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының балалардың құқығын қорғау туралы уәкілетті органдарға сұрағым, балалардың балалар үйіне қайтарылуы не себепті? Бұл бағытта қандай кешенді жұмыстары істеп жатырсыздар?, – деп сұрады ол.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан депутат Саурықовтың сұрағына жауап берді.

Осыған байланысты министрлік дайындаған заң мәжілісте қарауда жатыр. Ол – балалардық құқықтарын қорғау туралы. Ол заңның аясында кәсіби асырап алушы отбасы институты енгізіліп жатыр. Осы институт мәселені шешуге септігін тигізеді деп ойлаймыз, – деді вице-министр Мәжілісте.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!