Әлеуметтік желіде Көкшетаудағы ірі сауда орындарында жұрттың жаппай қант сатып алып жатқаны туралы видео тарады. Осыған байланысты Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жуырда сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда үш айға жететін қант қоры бар екенін мәлімдеді. Экономикалық санкцияларға байланысты Ресей билігі жарты жылға қант экспортына тыйым салған еді.

Дәл сол күні және ертесіне Қазақстанның көптеген қаласында қант ең көп сұранысқа ие өнімге айналды. Бағасы да шарықтады. Сатушылар бір адамға сатылатын тауар көлеміне шектеу енгізе бастады.

Мысалы, Көкшетауда супермаркеттердің бірінде қантқа кезекте тұрған сатып алушылар арасында төбелес шыға жаздады.

Қарағанды мен Теміртауда да дүрлігу байқалды: сатушылар қантты сөреге қоя бергені сол еді, адамдар талап әкетті. Пабликтердің бірінде қанттың бір келісі 500 теңгеге жеткені жазылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!