Жаңа стандартқа сәйкес, көлік жолындағы бір тұтас, қос тұтас және үзік жолақтар сары түспен боялады.

Оған қоса, құжатта жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне баса ден қойылған.

Стандартқа сәйкес, қалаларда жақын арада сары түсті тор жолақтар, әрбір бағдаршамға таймер, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін көлік тұрақтайтын орындарда биіктігі бір метрлік кедергілер орнатылып, электромобильдерді зарядтау бекеттері маңына арнайы белгілер қойылмақ.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда электрсамокатқа қатысты жаңа стандарт енгізіліп жатқаны айтылған еді. Жаңа ережелерге сәйкес, электрсамокат жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейін шектелмек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!