Қазгидромет шілде айында арналған құрғақшылыққа қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Статистикалық болжамға сәйкес, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында жауын-шашын аз жауады.Алматы облысының Кербұлақ ауданында және Қонаев қаласында қоңыржай жаңбырлы жағдай болжанады.Шілде айындағы құрғақшылық болжамы айдың бірінші онкүндігінде нақтыланады.Бүкіл болжамдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz. қосымшасында жарияланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!