Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген.

Мемлекеттің дамуына тосқауыл «бармақ басты, көз қысты» жемқорлықты бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек, Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек», – деді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен тікелей айналысатын прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден, шекара қызметтері, қаржы және әскери полиция секілді арнайы органдар бар. Бірақ бұл тек қана осы органдардың қызметі деп түсінсек, қателескеніміз болар еді. Жемқорлықпен күресті қоғам болып жүргізу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмектескен адам мемлекеттің қорғауында болады. Қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар ол адамның жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жәрдем беруші адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып есептеледі.

Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотының бас маман-сот отырысының хатшысы А.Ысқақова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!