Әлеуметтік желіде 9 сынып оқушысының мұғаліміне дауыс көтеріп, балағаттағаны туралы видео әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Оқиға Талдықорған қаласындағы М.Горкий атындағы мектепте болған.
11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туған оқушы мұғалімге дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған.


“Қазіргі таңда оқушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды», — деді Білім және ғылым министрлігіндегілер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!