«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық штабының мүшесі, «Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Медет Жорабек ZOOM-бағдарламасы арқылы өңірімізге қарасты шалғай елді-мекендердің белсенді жастары және сала мамандарының қатысуымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен бүкілхалықтық референдум өткізудің басты аспектілері жөнінде әңгіме болды.


Жиында ауыл жастары өз пікірлерімен бөлісіп, Президенттің бастамасына толығымен қолдау көрсетіп, саяси науқанға қатысатындықтарын жеткізді.


Мәселен, Арал ауданы жастарының атынан сөз алған облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Еркебұлан Аяғанов реформалардың дер кезінде әрі сапалы жүзеге асуы үшін мемлекет тұтастығын сақтау маңызды екендігін тілге тиек етіп, барлық салаларды реформалау арқылы Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру мақсатындағы жүргізіліп жатқан ауқымды жұмысқа Алаш қайраткері Мағжан атамыз сенім артқан Сыр жастары жоғары деңгейде қолдау көрсетіндігіне сенім білдірді.


Жиынды қорытындылаған штаб мүшесі Медет Жорабек ел ішіндегі трансформациялау мен реформалар кезеңінде әрбір жастың пікірі маңызды екенін алға тартып, Жаңа Қазақстанды құру кезеңінде ауыл жастары тыс қалмай, ашық пікірін білдіруі керектігін атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!