2023 жылдың 1 қыркүйегіненбастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкімет қаулысына сәйкес бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға артады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған қаулыға сәйкес шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;
магистранттарға – 97 024 теңге;
интерндерге – 75 890 теңге;
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
даярлаудың педагогикалық бағыттары және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;
техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.
Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!