Қызылорда өңірінде мектеп салу қарқыны бәсеңдеген емес. 2021 жылы 6 білім беру ұйымы пайдалануға беріледі, оның ішінде инвесторлармен бірге 300 және 500 орындық екі жеке мектептің іргетасы қаланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз брифингінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндады.

– Білім беру саласында апатты жағдайдағы мектептерді жою жұмыстары жалғасуда. 2020 жылы бізде 3 апатты жағдайдағы мектеп болды, біз 140 орындық бір мектепті пайдалануға бердік, тағы екеуінің құрылысы биыл аяқталады. Мұнан бөлек, 550 орынға арналған үш қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен бірге өңірде 3750 орындық тағы 5 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Ал, 47 балабақша мен 44 мектепте арнайы инклюзивті сыныптар ашылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!