Білім министрлігі әкімдіктермен бірлесіп «ақша студентпен» қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа тетігін әзірледі

Тоғызыншы сынып түлектері колледжге түсу үшін енді емтихан тапсырмайды. Бұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова мәлімдеді.

«Жаңа тетікке сәйкес, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша арнайы сынақтарды қоспағанда, колледжге түсу емтиханы алынып тасталады», – деді Асылова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында.

Ол министрлік «ақша студентпен» қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа тетігін әзірлегенін атап өтті.

«Егер бұрын білім басқармалары колледждер арасында мемлекеттік тапсырысты өздері орналастырса, яғни бір колледжге 200-300, 100 адам берсе, енді жаңа механизмге сәйкес талапкерлер колледждер мен мамандықтарды өздері таңдайды. Бұған қоса, министрлік мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен бөлу ережелерін әзірледі»,- деп нақтылады вице-министр.

Тиісті бұйрық әділет министрлігіне тіркеу үшін жолданды, деп толықтырды Асылова.

Еске салсақ, бүгін вице-министр жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға бағытталған жұмыс туралы баяндады.

Айтуынша, жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30%-і және 11-сынып бітіргендердің 50%-тен астамы ақылы оқуға түсед

sputnik.kz