Мектепішілік актив мүшелері жұмысының қазіргі уақытта жаңаша бағыты қандай болуы керек? Мектепте кәсіби даму орта қалыптастыруда мектеп тренерінің рөлі қандай? Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғасақ. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсуіне ықпал ететін курстарды өткізу кешегі күн мәселесі деп айтуға болады. Мысалы, «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасымен өткізілген оқу жұмыстары 2017 жылдан басталды және ол қазіргі уақытта өз мәресіне жетті. Енді аралас форматтағы оқу нәтижелілігін арт­тыру мақсатында курстан кейінгі қолдау жұмыс­тарын жаңдандыру қажеттілігі туындауда. Жаңа оқу жылында жұмыстың қандай бағыттарына баса назар аударған жөн, оны кімдер жүзеге асырады?
Мектеп мұғалімдері кәсіби дамытуға қажетті ішкі ресурстар көздері деп тәлімгерлерді, мектеп тренерлерін, коучтерды, ал кәсіби оқытудың сыртқы көздері деп эксперттерді, кәсіби шараларды, оқу орталықтарын айтады. Соған қоса мектептің ішкі ресурсы болып «Тәжірибедегі рефлексия» оқыту бағдарламасы, «Мұғалім тәжірибесін зерттеу» бағдарламасы бойынша курстан өткен тренерлер, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілері, «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» курсынан өткен педагогтар, PISA курсынан өткен педагогтар саналады. Осындай үлкен «армиясы» бар мектептің дамуында қандай өзгерістер болада? Сәуір-мамыр айында жүргізілген зерттеуде көптеген мәселе анықталды. Сауалнамада «Мұғалімдердің қиындықтарын қалай анықтайсыздар? Қандай әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдаландыңыздар?» деген сұрақтар болды. Мектеп тренерлерінің пайымдауынша, мұға­лім­дердің жұмысында қиындық көп, атап айтқанда, олар жұмысты жоспарлау,сабақты модельдеу, сабақты ұйымдастыру және жос­парды іске асыру, оқытуды дифференциациялау және дара­лануы, өз тәжірибесінде озық педагогикалық тәжірибені қолдануда мәселелер кездеседі.
Гүлнәр ЖАҚСЫЛЫҚОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!