ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы оқу жылында қашықтан оқу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аймағамбетов қашықтан жұмыс істеуге көшу қауіпі әрқашан бар екенін, алайда ковид шектеулері барысында мектептер соңғы болып жабылуы керек екенін жеткізді.

«Қашықтықтан оқу жүйесіне көшпейміз деген үмітім басым. Мен ковид шектеулеріне байланысты қашықтан оқытуға үзілді-кесілді қарсымын және бұл дәстүрлі оқытумен салыстыруға келмейді деп есептеймін. Бұл жерде мәселе тек білімде ғана емес, құндылықтарды меңгеру мен даму сатылары да бар. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы керек, себебі олардың білімі мұғалім сыныпқа келіп, жаңа тақырыпты түсіндіріп беруімен ғана шектелмеуі тиіс. Олар үзілісте немесе асханада бір-бірімен араласу арқылы көп нәрсені үйренеді», – деді Асхат Аймағамбетов.

Оқушылар жазғы демалысқа бес күн кешігіп шығады – Оқу-ағарту министрлігі оқу жылын ұзарту туралы шешімін түсіндірді

Қазақстандық оқушылардың жазғы демалысы екі аптаға қысқармақ

«Басшының жұмысы тиімсіз болса, оны орнынан босату керек»: Асхат Аймағамбетов мектеп директорларының ротациясы туралы айтты
Министр сондай-ақ базарлар мен дүкендер жұмысын жалғастырып жатқанда мектептерді жауып тастау дұрыс емес екенін қосып өтті. Ол 2021 жылы ауру бүкіл ел аумағында өршіп тұрған тұста мектептерде коронавирустың ошақтары тіркелмегенін еске алды.

«Яғни, мектепте оқыған балалар қашықтан оқитын балаларға қарағанда аз ауырды. Себебі мектепте тәртіп пен қағида бар. Мектеп барлығының соңынан жабылып, бәрінен бұрын ашылуы тиіс», – деп түйіндеді Оқу-ағарту министрі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!