Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы, «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі және Мәдениет және өнерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» қарсаңында жас ұстаздарға арналған мерекелік шара өтті.  Шараға Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұржан Амандық білім нәрімен сусындатқан жас ұстаздарды мерекесімен құттықтап, арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Мерекелік кештен кейін «Coworking» орталығында еркін форматта кездесті. Кездесу барысында жас ұстаздар өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті, алдағы уақытта жастар орталығымен атқаратын жұмыс жоспарларын талқылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!