Тұрғындармен есеп беру кездесуін өткіздім.
Бұл жолы жиын Түркістан облысында өтті.
Үш сағатқа жуық уақыт бойы 500-ден астам тұрғынның сұрағына жауап бердім.

Халықты көбіне жүйелі мәселелер емес, жергілікті білім беру қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың ден қойып, назар аударуын қажет ететін жеке мәселелер толғандыратынын байқадым.

Оған қоса, сот шешімдерінің апелляциясына және еңбек дауларына қатысты да сұрақтар айтылды.

Сонымен қатар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде аудандық бөлімдер мен облыстық білім басқармаларының Оқу-ағарту министрлігіне бағынуының маңыздылығы, директорларды ротациялау, мектептердегі педагог-ассистенттер санын көбейту, колледждерді бейінді министрліктің тікелей басқаруына беру, мектептер мен балабақшаларды жабдықтау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырудың жетіспеушілігі туралы мәселелер көтерілді.

Көптеген сұрақ облыстағы мұғалімдер мен мектеп директорларының қарым-қатынасына қатысты болды. Мұндай антирейтингте Түркістан облысы республика бойынша «көшбасшы» саналатынын атап өткім келеді.
Білім бөлімдері мен білім беру ұйымының басшылары осы бағытта тиісті жұмыс жүргізуі қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру бөлігінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты шағымдар болды. Енді бұл ақпарат зерттеліп, тексеру қорытындысы бойынша шара қабылданады.

Есеп беру кездесуінде қойылған сауалдың барлығына жауап бергеннен кейін аудандардың, қалалардың білім бөлімдері мен колледж басшыларымен жеке жиын өткіздім.

Қорыта келгенде, облыстың білім беру саласында шешілмеген бірқатар мәселе бар.
Түркістан облысы Білім басқармасының қазіргі басшысының облыс басшылығы шешімімен тағайындалғанына аз ғана уақыт болды. Енді оның алдында қордаланған мәселелерді шешу бойынша маңызды міндеттер тұр.

Түркістан облысының тұрғындарына уақыт бөліп, кездесуге келгендері және білім саласына бей-жай қарамағандары үшін алғыс айтамын.