Қазіргі кезеңде жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайға бейімделуіне, мінез-құлқының қалыптасуына, тұлға ретінде дамуына әсерін тигізетін тиімді жолдарды көрсету ‒ басты мәселенің бірі. Осы мақсатта жастар ресурстық орталығының мамандары облыстық девиантты мінез құлықты балаларға арналған интернатына барып, әріптестік бағытта байланыс орнатып, оқушылармен етене сұхбаттасты.

Кездесу барысында орталық мамандары оқушылар тарапынан қойылған барлық сұраққа жауап беріп, тақырып аясында туындаған мәселелердің заңды шешу жолын түсіндірді. Сонымен қатар «Жастар орталығында»  атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, тәрбиенушілерге кез келген уақытта орталықтың есігі ашық екенін жеткізді. Сондай-ақ іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың халыққа Жолдауы насихатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!