Қазақстанда мектеп оқушыларының қорытынды аттестациялау 28 мамырда басталады.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылдың 28 мамыры мен 5 маусымы аралығында өтеді.

Олар үш пән бойынша қорытынды аттестаттациялаудан өтеді: эссе түріндегі жазбаша емтихан (өз оқу тілдерінде); математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан; басқа тілде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан, – деп атап өтті баспасөз қызметінде.

11 (12)- сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді.

Мектеп түлектері төрт пән бойынша емтихан тапсырады: эссе түріндегі оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан; алгебра және талдау негіздері бойынша жазбаша емтихан; Қазақстан тарихы бойынша тестілеу; басқа тілде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі бойынша тестілеу, – деді министрлікте.

Министрлік 2020-2021 оқу жылын 3,4 млн-нан астам оқушы аяқтайтынын, оның ішінде 11 (12)-сынып түлектері – 150 мыңға жуық, 9-сынып оқушылары – 270 мыңға жуық адам аяқтайтынын нақтылады.

Stan.kz