Жыл сайын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мектепке жол» акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. 

Акция барысында 1 сынып оқушыларына қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешек үйлестіріледі. 

«Акцияға университет қызметкерлерінің балалары қатысады. Бұл іс-шараның мақсаты – әріптестерімізді әлеуметтік қолдау болып саналады. Бұдан бөлек, кәсіподақ ұйымы ардагерлерге үнемі құрмет көрсетіп,  мереке және атаулы күндер қарсаңында спорттық жарыстар мен түрлі құттықтаулар ұйымдастырып келеді»,-деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтжан Оразбақов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!