Kyzylorda-news.kz. Қызылорда өңірінде облыстық пәндік олимпиаданың нәтижесі нақтыланды.

Білім сынағына әртүрлі пәндерден 292 оқушы қатысқан. Нәтижесінде 115 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның 21-і Алтын медаль, 37-і күміс медаль, 57-і қола медаль алды.

Олимпиада жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша ұйымдастырылған. Пандемия жағдайында өткен олимпиадада әр күн сайын 6 аудиторияда 50-ден аса бала сынақ тапсырған.

Биылғы ерекшеліктің тағы бірі – қоғамдық бақылау жүргізудің ашықтығы. Яғни олимпиаданы әрбір ата-ана арнайы ютуб желісіндегі сілтеме арқылы тікелей бақылай алады.

Бес күнге созылған олимпиадада балалар тест тапсырмалары, эксперименттік тур бойынша жазба, эссе, лексика-грамматикалық тесттер, хат және аудижазба түрлерінен сынақ тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!