Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілетін республикалық олимпиаданың желілік кезеңіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 500-ден астам оқушысы қатысуда.

Екі күннен бері жас дарындылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден білімдерін сарапқа салуда.

Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектептің намысын қорғаған Ілияс Бөрібай аталмыш байқауда химияның мықтыларымен сайысты:

Бұл олимпиаданың екінші жыл қатырынан қатысушысы болып келемін. Жылдан жылға пәнге деген қызығушылығым артып келеді. Химия өзінің алуантүрлілігімен ұнайды. Бір атомның орнын алмастыру арқылы заттың қасиеті өзгере шығатын құбылыстарды зерттеу қызық.

16 ақпанда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша бақ сынайтын оқушылар үшін бірінші тур басталады.

Жүйрік шыққан өрендер наурыз-сәуір айларында өтетін ақтық сайыста «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының намысын қорғайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!