2021 – 2022 оқу жылының дәстүрлі оқыту режиміне қайта ауысуына байланысты ТжКБ оқу ғимараттары мен жатақханаларының оқу жылына дайындығы мен сапасы партияның басты назарында.

Осыған орай, аудандық мәслихат депуттары Жұмашева Индира және Дәрмағамбетов Төребек, «Jas Otan» ЖҚ бөлімше басшысы Сабырбай Ержанмен бірлесе отырып, қаламызда орналасқан Арал көпсалалы және Арал индустриалды-техникалық колледжі ғимараттарының санитарлық нормаға сәйкестігін және студенттердің білім алуға қолайлы жағдай жасалғандығын тексеру мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Елбасы өз сөзінде «Халықтың білім деңгейінің жоғары болуы елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып саналады. Осыған байланысты біздің тарапымыздан жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданып жатыр» деген болатын.

Осы орайда, аталған оқу орнында студент жастарға білім алуға барлық мүмкіндік жасалғаны айқын көрінді.