Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 IТ-лицейдің 4 сынып оқушысы Әбдірахманова Тоғжан «Египет − 2021: математика-арифметика» халықаралық олимпиадасына қатысып, бірінші орынға берілетін «Алтын кубокты» иеленді. Сонымен қатар алғыр қыз наурыз айында Дубайда өтетін «Юниор біріншілігіне» жолдама алды.

Египеттегі жарыс үш күнге созылды. Оқушылар екі күн математикадан, бір күн арифметикадан есептер шығарып, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова, Қытай секілді 14 алпауыт елдің жүйріктерімен сынға түсті. Кіл жүйріктер арасынан, Сыр елінің талантты Тоғжаны топ жарды! Білімімен мыңды жыққан Тоғжанды және №3 IТ-лицей ұжымын жеңісімен құттықтаймыз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!