Қазақ халқы қашан да сөзге жүйрік, ойы ұшқыр болған. Бір-ақ ауыз сөзбен дауды да шешіп, жауды да қайтара білген. Осындай дана халықтың ұрпағы да осал болмаса керек-ті.

Бұл ойымызға Раушан Әжібекқызының 3-4-сыныптар арасында өткізген «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды сайысы дәлел бола алады. Балалардың білімін шыңдау, алғырлығын аңдау, шешендігін сынау мақсатында өткізілген бұл сайыс 4 кезең бойынша жүргізілді. 

І кезең: «Сұрақ бізден, жауап сізден» (сұрақ-жауап)

ІІ кезең: «Құпия сандық» (жұмбақтарды шешіп, жауабын үш тілде айту).

ІІІ кезең: «Ойлан, тап» (берілген шығарма үзіндісінің атауын және авторын табу).

ІҮ кезең: «Тапқыр топ» постермен жұмыс. 

1-кезеңде оқушылар пәндік білімімен қатар, ой жүйріктігін де ортаға салды. Сұраққа дәл жауап берумен қатар, шапшаңдық танытып, жылдамдық жасау да мағызды болды. 

2-кезең: «Құпия сандық». Бұл кезеңде топтарға жұмбақтар жасырылады, оқушылар жұмбақтың жауабын тауып, оны 3 тілде айтып шығу керек. Жас жеткіншектің шын сыналар тұсы осы болды! Жұмбақтың шешімін тауып, оны үш тілде жауабын айту – нағыз шешендікті талап етеді. Осындай тапсырма беру арқылы мұғалім баланы шыңдап, білімнің биігіне жетелеп отырады. 

Сайыстың келесі кезеңдері де танымдық тапсырмаларға толы болды. Бірінде шығарманың авторын, атауын тапса, келесіде берілген сөзден бірнеше сөз құрап, жылдамдықтары мен жүйріктіктерін көрсетті. 

Сабақтың өн бойы бала бойындағы дарынын анықтауға, танымын танытуға, білімін саралауға арналған. Раушан Әжібекқызының біліктілігі мен терең білімі, мол тәжірибесі бұл сынақ санақты да өз деңгейінде алып шықты. Үнемі ізденіс пен жаңашылдықты жанына жалау еткен ұлағатты  ұстазымыздың әр сабағы жас мамандарға үлгі алуға тұрарлық.

Жөкей Раушан Әжібекқызы,

Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептіі тарих пәнінің мұғалімі.

Педагог-сарапшы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!