Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектепте 2020 жылдың 16-21 қараша аралығында «Жаңаша оқыту-жетістік көзі» атты бастауыш сынып бірлестігі апталығының ашылуы қашықтықтан ұйымдастырылды.
Апталықты директордың бастауыш сынып бірлестігінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Кенжебекқызы өзінің ата-аналарға, оқушыларға, ұстаздарға деген ізгі тілегін білдірді.
Іс-шара барысында балалар өздерінің білімдерімен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін де жоғары деңгейде көрсете білді. Ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды.
Баланың тілін, ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын жан-жақты дамыту – бұл жаңа заман талабына сай дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу.

Айгүл Күлімғалиева

Нүргүл Байжігітова

Ұйымдастырушылар: бастауыш сынып мұғалімдері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!