Kyzylorda-news.kz. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес кейбір мектеп оқушыларының маскасыз жүруіне рұқсат берілді.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің санитарлық-гигиеналық бақылау бөлімінің бастығы Марал Рахымжанова мәлімдеді. 

«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жарлығымен мектептерде маска киюдің жаңа ережелері енгізілді. «Жасыл» немесе «сары» аймақта жеті күннен артық  тұрақты түрде енген өңірлерде мектеп оқушылары маскасыз жүре алады. Ал «қызыл» және «сары» аймақтардың ортасында тұрған өңірлерге бұл ереже әсер етпейді», – деп түсіндірді Рахымжанова.

«Қызыл» аймақта орналасқан мектептердің оқушылары маска режимін сақтауы керек.