Елімізде «Бизнес бастау» жобасына қатысушылар санының артуына байланысты. 17 мамырдан бастап «Бизнес Бастау» жобасының екінші легіне оқуға қатысуға онлайн өтініш беруге болады. Екінші лекке ең көп өтініш қабылдайтын аймақтардың қатарында Жамбыл  және Түркістан облысы бар.

– Еліміз бойынша жобаның екінші легінде шамамен 8700-ден аса адамды оқыту жоспарланып отыр. Оқу әдеттегідей 21 күнге созылады және онлайн форматта өтеді, – деді «Атамекен» ҰКП Жаппай кәсіпкерлік департаментінің директоры Анастасия Шандрыга.

«Атамекен» ҰКП тек Жұмыспен қамту орталығы берген жолдама мен жеке куәлік негізінде жіберілген өтінімдіқабылдайды. Ал жолдаманы беру тәртібін азаматтар өз өңіріндегі Жұмыспен қамту орталығынан біле алады. Жобаның бірінші легіне 10739 адамның өтінімі қабылданды. 11 мамырдағы жағдай бойынша 5616 адам бизнес жоспарын дайындап жатыр. Ал үшінші лекке 14 маусымнан бастап өтінімдерді тіркеу, 12 шілдеден бастап төртінші лекке, 9 тамыз бен 6 қыркүйектен бастап сәйкесінше бесінші және алтыншы лектерге тіркеу басталады. Оқу кестесі өңірлік палаталардың барлық сайтында және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында орналастырылған. Биыл еліміз бойынша 30000 адамды оқыту жоспарланған.