Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов Палата алаңында облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаевпен және адвокаттармен кездесіп, бизнестің экожүйесі аясында қабылданатын шараларды талқылады.

Былтырдан бері Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура бірлесіп кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесін қалыптастырып келеді.

Ол үшін қос тарап бірлескен бұйрық шығарып, жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына облыста қызмет көрсететін адвокаттар мен заңгерлік компания өкілдері енді.

Кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесі барысында қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі іс жүргізу барысына, сондай-қа әкімшілік құқық бұзушылық, мемлекеттік орандардың іс-әркетіне, оның ішінде бақылау-қадағалау бойынша әрекеттеріне дау айту, сот тәжірбиелеріне талдау жүргізілетін болады.

Басқосудың да мақсаты осы, адвокаттармен кәсіпкерлердің құқығын қорғау барысында кездесетін жүйелі мәселелер, оны шешу үшін қабылданатын шараларды айқындау.

Алдағы уақытта әріптестік байланыста жұмысты жалғастыру үшін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов пен Қызылорда облысы адвокаттар алқасының төрағасы Мейірбек Даубалаев ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!