Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің мәлімдеуінше, әлемде бір миллиардтан аса адамға тырысқақ ауруын жұқтыру қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазіргі кезде бұл індет 22 мемлекетке тарап кетті. Осы тізімде Сирия, Африка, Орталық Америка және Оңтүстік Азия елдері бар. Соңғы 10 жылда бұл кеселден өілім-жітім көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетті. Жалпы тырысқақтың тарауына кедейлік, қарулы жанжалдар мен табиғи апттар себеп болып тұр. Вакциналар тапшылығы да кері әсерін тигізіп отыр. Жыл сайын әлемде бұл дертті 3 миллиондай адам жұқтырып, 95 мыңы қайтыс болады.

Фото: ser-per.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!