Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 05.08.2026 жылғы №1-5-5-5-74/4150-И санды нұсқауына сай, яғни ағымдағы жылдың 15-20 тамыз аралығында «Назар аударыңыз,балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету және балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және профилактикасы, кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, Білім беру органдарының (қорғаншылық және қамқоршылық органдары), денсаулық сақтау саласының, жұртшылық өкілдерінің қатысуымен қолайсыз және әлеуметтік осал отбасылар арасында, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды анықтау, учаскелік полиция инспекторлары аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп, балалардың құлауы мен қаза болуына байланысты төтенше оқиғалардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
М. Ауесбаев,
Қызылорда КПБ ЮПб бастығының орынбасары
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!