Фото: ҚР ТЖМ
Батыс Қазақстан облысында бұдан 3,5 жыл жарым болған МИ-8 тікұшағының апатына байланысты қылмыстық іс Бәйтерек аудандық № 2 сотында қаралып жатыр, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Апат Батыс Қазақстан облысы аумағында 2023 жылы 23 ақпан күні болды.
Тіұшақ «ҚазТрансОйл» АҚ өтініші бойынша Атыраудан ұшып шығып, Оралға бағыт алған. Бортта алты адам — экипаждың бес мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір өкілі болған.
Қайғылы оқиға салдарынан экипаждың төрт мүшесі қаза тауып, екі адам жарақат алды.
— Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сәйкес іс сотта қаралып жатыр, — деп мәлімдеді Бәйтерек аудандық № 2 соты.
Куәгерлер шақыртылып, жауап алынып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!