Фото: Canva

Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінде 14 жастағы қыздың жүкті болғаны жөнінде әлеуметтік желіде ақпарат тарады, – деп хабарлайды KAZINFORM.

БҚО тұрғыны Жалғас Нығметовтің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім еткеніндей, оқиға биылғы ақпан айында болған. 

Оның сөзіне қарағанда, қыз ауылда әжесімен бірге, ал жасөспірімнің анасы қалада тұрады. Осыған орай Kazinform тілшісі БҚО полиция департаментіне хабарласқан еді.

Департаменттің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталғанын растады.

— Мұндай фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтарын қорғау мақсатында жария етуге жатпайды, — делінген ресми жауапта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!