Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі, – деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның Телеграм каналы.

Шектеу талаптары:

– Дүкендер 10 қаңтарға дейін жабық болуы керек (азық-түлік дүкендерін қоспағанда).

– Рождество мерекесінде 2 отбасы, 5 адамнан артық жиналуға болмайды. 10 адамға дейін тек жақын туыстар ғана жинала алады. Жаңа жыл мерекесі күндері шектеу шаралары жеңілдетілмейді;

– Мектептер жабық болады;

– Шіркеу қызметтеріне тыйым салынбайды. Бірақ шіркеу ішінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау керек. Міндетті түрде бетперде тағуы тиіс;

– Шаштараз, сұлулық студияларының қызметіне тыйым салынады;

– Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынады. Тамақтану орындарын үшін тек өзімен алып кету, жеткізу қызметінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

– Германияға шетелден келушілер елге коронавирусқа шалдықпағанын дәлелдейтін анықтамамен және 5 күндік оқшауланудан кейін ғана кіруіне болады.

Үкімет Biontech/Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат 29 желтоқсан күні берілетінін хабарлады.

Ангела Меркель Германияда КВИ-ге қарсы екпе егу басталатынын мәлімдеді.