Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына, жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан медициналық және фармацевтикалық көмекке тең қолжетімділікті кепілдік береді.

Міндетті шарт – «МӘМС туралы» Заңның 26, 27, 28-баптарына сәйкес жарналар мен аударымдардың болуы. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов кімге және қандай сомаға төлеу керектігін толық ақпарат берді.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің аударымдары 2021 жылмен салыстырғанда 1%-ға ұлғаяды, яғни жұмыскерлер үшін аударым 3% – ы құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 18 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 АЕК-нің 3% – і болып саналады. 2022 жылы 1 АЕК 60 000 теңгені құрайды.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2022 жылы табыстарының 2% -тін құрайды. Бұл ретте, егер жалақы мөлшері 10 АЕК (600 000 теңге) жоғары болса, онда жарналарға тек осы сома ғана төленеді және жарнаның ең жоғары сомасы 12 000 теңгені құрайды.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 2022 жылға 4 200 теңгені немесе 1,4 АЕК-нің 5% – тін құрайды.

2022 жылы бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) сомасы 1 АЕК – ке тең болады, бұл республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары және астана үшін – 1 АЕК (3 063 теңге), ал басқа елді мекендердің тұрғындары үшін – 0,5 АЕК (1 531,5 теңге) құрайды.

Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы да 2022 жылы өзгереді және 3 000 теңгені (1 МЗП-дан 5%) құрайды.

Сіз жарналарды төлеу екінші деңгейдегі банктер және олардың интернет-сервистері, Kaspi.kz, Halyk Bank мобильді қосымшалары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, төлем терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.), медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы аудара аласыз.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе сізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.