Украинада қатаң карантин басталды. Шектеу шаралары 24 қаңтарға дейін созылады. Тиісті шешім өткен жылдың желтоқсан айының басында қабылданды, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі. 

Елдегі кафелер, барлар мен мейрамханалардың қызметі тоқтатылады, бірақ олар үйге жеткізу қызметін көрсете алады. Базарлар, фитнес-залдар мен ойын-сауық орындары да жұмыс істемейді, бұқаралық шараларға тыйым салынады. Локдаун уақытында мектептер мен университеттер жабылады, алайда балабақшалар жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер мен пошта бөлімшелері жұмысын жалғастырады. Шаштараздар клиенттерді тек алдын-ала жазылу арқылы қабылдай алады. Қоғамдық көліктің жұмысы шектелмейді.
Толық оқу: https://turkystan.kz/article/135443-135443/?utm_source=fb&utm_medium=post&utm_campaign=cpc&fbclid=IwAR2vHHUWQkiU27Iz46ONbkdZRt-RbxksiUlwNts8bwBQMdQ72U0EOySUjpU