Фото: pixabay.com

Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмағандықтан  Қаржы министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 571 миллиард теңге қарыз екенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржы тапшылығына байланысты қазақстандық медициналық ұйымдарының алдындағы міндеттемелерін орындай алмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ қор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін 116 млрд теңгеге қосымша қаржыландыра алмайтынын атап өтті. 

“Қаржы министрлігінің Денсаулық сақтау министрлігі мен қор алдындағы берешегі – 571 млрд теңге. Оның ішінде 240 млрд теңге – медициналық көмек үшін, 315 млрд теңге – 2024 жылғы наурыздан бастап жеңілдетілген санаттағы азаматтар үшін мемлекет жарналары үшін», – деп түсіндірді қорда

Еліміздегі Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдары бірлесіп қаржылық тұрақтылық жоспарын әзірледі. Сондай-ақ шығындарды барынша үнемдеу шаралары қабылданды. Бұл қаржы тапшылығының 70%-ға жабуға мүмкіндік берді. Берешек сомасы 116 миллиард теңгеден 27 миллиард теңгеге дейін қысқарды.

Бүгінде ӘМСҚ медициналық ұйымдарға бұрын берілген аванстарды қоса алғанда (немесе жылдық келісімшарт сомасының 50,2%) 1,5 трлн теңге төледі. Қазіргі уақытта маусым айында көрсетілген қызметтер үшін төлемдер жүргізілуде.

“Республикалық бюджеттен қаражат түскендіктен, Медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік қоры шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге төлемдер келесі айларға жүргізіледі. Міндетті медициналық сақтандыру аясындағы қызметтерге ақы төлеуде ешқандай мәселе жоқ”, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!