Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
«Кеше 22 маусым күні кешке «дельта» штамының болу мүмкіндігі анықталды. Біз оны бүгін тағы бір рет растадық. Мутацияланған дельта штамының шынымен де айналымда бар екені белгілі болды», – деді ол.

Сонымен қатар, ол аталған штамды кім жұқтырғанын атап өтті.

«Ол – 1984 жылы туған К. есімді азаматша. Үй шаруасындағы әйел, еш жерде жұмыс істемейді. Оның күйеуі шетелде іссапарда жүр. Айта кету керек, оның жолдасы ақпан айында коронавируспен ауырған. Ал науқастың өзі қазір ауруханада жатыр. Онымен байланыс жасаған жеті адам оқшауланды. Эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Әзірге оның бұл штамды нақты қай жерде жұқтырғаны белгісіз. Ол кісі бірнеше нысанда болған. Ол жерлер бақылауға алынды», – деді Жандарбек Бекшин.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!