Әлеуметтік желілерде әлемде COVID-19-ға қарсы вакцинацияға байланысты туу көрсеткішінің төмендегені байқалады деп жазылды. Алайда, бұл – жалған мәлімет, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің мәліметінше, туудың төмендеуі – бұл болып тұратын әлемдік үрдіс. Ол 1950 жылдардағы baby-boom-нан кейін бірден басталды. Содан бері әлемде орташа туу көрсеткіші жылдан жылға тұрақты түрде төмендеп келеді. Бұл ретте бала туудың ең төмен деңгейі 1989-1993 жылдар аралығында байқалды. «Бұл үрдіс бірден бірнеше фактормен түсіндіріледі: білімнің қол жетімділігі, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы және оның ұзақтығы, контрацептивтердің болуы және әйелдер эмансипациясы. Вакцинация мен жер тұрғындарының жалпы денсаулығы бұл үрдісте маңызды рөл атқармайды. Дегенмен, бала туу көрсеткіші күрт төмендеді деп айта алмаймыз. Пост авторы мысал ретінде келтірген Германияда 2021 жылы, керісінше, туу көрсеткіші 1997 жылдан бері алғаш рет өскен», – делінген сайтта. COVID-19-ға қарсы вакциналар бала туу қабілетіне теріс әсер етеді деген теория – бірнеше рет теріске шығарылған фейк. Вакцинацияланған ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу қабілетін жоғалтпайтынын дәлелдейтін ғылыми зерттеулер бар. Осылайша, таратылған ақпарат – вакцинацияға қарсы адамдар белсенді түрде насихаттап жүрген вакцинация туралы миф пен әлемдік тенденцияны қате түсіндіруге негізделген фейк.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!