Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден “60 минут” телешоуында коронавирустық пандемия аяқталды деген пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап.

«Пандемия аяқталды. Десе де АҚШ-та әлі де COVID-19 мәселесі бар. Біз әлі көп жұмыс істеп жатырмыз», – деді Байден.

Сонымен бірге, АҚШ-тағы COVID-19 Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай болып саналады. Пандемия басталғаннан бері вирус миллионнан астам америкалық азаматтардың өліміне себеп болды.

“Елімізде барлығы 95 милионнан астам жағдай тіркелген. Ал өткен тәулікте 62 мың жағдай тіркелді”, деп жазады The New York Times.

Бұған дейін ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс әлемдегі коронавирустық пандемия аяқталуға жақын деп мәлімдеген. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!