Мысырда емтихандарын сәтті тапсырған студенттің қуаныштан жүрегі тоқтап қалды.

Ата-анасының айтуынша, 22 жастағы Мубарак Хусейн Сайед Абдель-Джалил Кенедегі университеттің жаратылыстану факультетінде оқыған.

Жуырда ол емтихан бағалары бар хат алды. Нәтижелерін көрген студент кеудесінде ауырсынуды сезініп, ауруханаға түскен.

Кейін ол ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оған инфаркт диагнозын қойды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!