Оңтүстік Кореяның коронавирусқа қарсы вакцинасы SKY Covi one омикронға қарсы тиімділігін көрсетті деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап

Компания өкілдерінің айтуынша, тестілеу 81 дені сау адамға жүргізілген. Вакцинаның екінші дозасынан кейін антиденелер саны 25 есе, ал тағы жеті айдан кейін олардың саны 3 есеге жуық өсті. SKY Covi one 29 маусымда Азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі министрлігінен рұқсат алды.

Вакцина Вашингтон университетінің медицина мектебімен бірлесіп әзірленді. SKY Covi one тұмауға, В (Б) гепатиті және адам папиллома вирусына қарсы заманауи вакциналарды жасау үшін қолданылған технологияға негізделген. Оны екі және сегіз градус Цельсий арасындағы температурада сақтауға болады. Бірінші корей вакцинасының клиникалық сынақтары балалар мен жасөспірімдерді емдеу үшін жалғасады және ол Кореяда мақұлданған басқа вакциналармен қатар қолданылады.

«Біз вакцинаны ең алдымен дамушы елдерге экспорттауды жоспарлап отырмыз. Бізге жыл соңына дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының преквалификацияны мүмкіндігінше тезірек алуымыз керек және үкімет бұған көмектеседі. Оны алсақ, экспорттауға құқығымыз бар. Вакцина экспорттау келесі жылдың бірінші жартысында басталады деген үміт бар», – деді вакцина шығаратын компания президенті Ан Дже Ен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!