Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының ардагерлері Абпазова Дина Абпазқызы және Әлайдар Әбдуаитұлының 80 жылдық мерейтойларына арналған Қызылорда облысының медицина қызметкерлерінің 54-ші спартакиадасының басталды.

Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазилов, Облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Н.Нәлібаев, емдеу кемелерінің басшылары мен сала мамандары қатысты.

– Ымырасыз күресте ең мықтыларды анықтау үшін медицина саласының барлық мекемесінен спортшылар жиналды. Жарыс футбол, арқан тарту, эстафета, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ұзындыққа секіру секілді спорт түрлерінен өтпек.

Спартакиадаға қатысушыларға кәсіби қызмет пен салауатты өмір салтын қатар алып жүргені үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді сала басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!