Қызылордада дәстүрлі медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өз мәресіне жетті. Биыл 54-ші мәрте жалауын көтерген іс-шара денсаулық сақтау саласының ардагерлері Дина Абпазова мен Әлайдар Әбдуайтұлының 80 жылдық мерейтойына арналды. Қорытынды жиында үздіктер марапатталып, құрметке бөленді.

Аталған спартакиадада спорттың 8 түрінен өткізілді. Тартысты додаға облыстың медицина мекемелерінің барлығы 23 команда қатысып, сынға түсті.

Жарыс қорытындысымен, облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары командалық есепте І орынды жеңіп алды. Қызметкерлер арқан тартудан, эстафетадан, баскетболдан, орнында тұрып секіруден үздік көрсеткішке ие болды. Сонымен қатар, үстел теннисі, волейбол мен тоғызқұмалақ ойнаудан да жақсы нәтиже көрсетті. Ал ІІ орынды – облыстық көпбейінді аурухана иемденсенсе, ІІІ орынды – Қызылорда медициналық колледжі алды.

«Біздің команда дәстүрлі спартакиада жыл сайын жоғары жетістікке жетеді. Бұл мамандарымыздың ұдайы салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен үздіксіз шұғылдануының нәтижесі. Биыл жарыс екі ардагеріміздің 80 жылдық мерейтойтойына орай ұйымдастырылуда. Оның ішінде Дина Абпазова көп жыл облыстық психикалық денсаулық орталығында еңбек еткен алдыңғы буын әріптесіміз. Бұл кісінің медицина саласына сіңірген еңбегі бізге үлгі», – деп атап өтті облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Әділбай Медетбаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!