Медицина бойынша 2021 жылғы Нобель сыйлығы Дэвид Джулиус пен Ардем Патапутянға бұйырды. Хабарландыру трансляциясы сыйлықтың Twitter-дегі ресми аккаунтында көрсетілді.
Джулиус – Сан-Францискодағы Калифорния университетінде жұмыс істейді, физиолог. Ол ментол, қыша майы мен капсаицинге әрекет ететін рецепторларды зерттеуші ретінде белгілі.
Патапутян – Скриппс ғылыми-зерттеу институтының биологы. Ол температураға, ұстағанға және торлар көлемінің үлкеюіне белсене түсетін иондық каналдар мен рецепторларлы зерттеумен айналысады. Сыйлық иегерлеріне 10 млн крон, яғни 1,5 млн доллар берілді.