Алдын ала мәлімет бойынша жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.

Оқиға кеше сағат 9:54-те 5-шағын аудандағы бес қабатты үйде болған, деп хабарлайды БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

«Ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар ұл екінші қабат терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Маңдай тұсы көгеріп, сол жамбасы сынған. Ішінен жабық жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 адам, 1 техника) барды» деп жазылған хабарламада.