Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК сілтеме жасап хабарлайды. Нұр-Сұлтан қаласында – 7, Алматы қаласында – 4, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында – 1 адамнан табылды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 620 жетті. Сонымен қатар тағы 12 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Еске салсақ, кеше коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 жағдай ғана тіркелген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!