Қазақстандықтарды омикронның жаңа түріне байланысты қайта бетперде тағуға міндеттеу жоспарда бар ма? Сұраққа денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысынан «стелс-омикрон» штамына байланысты Қазақстанда маска тағу режимін қайтару жоспары туралы сұралды.

«Бүгінде маска тағу режимін енгізуге негіз жоқ. Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», – деп жауап берді Ғиният.

Ақпанның басында ДДСҰ мамандары омикронның жаңа балама түрі – «стелс-омикрон» штамы таралып жатқанын ескертті, оны «қолда бар сынақтардың көмегімен анықтау өте қиын». Штамм алғаш рет Африка құрлығының бес елінде анықталды: Ботсвана, Кения, Малави, Сенегал және Оңтүстік Африка.
13 мамырда Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда «стелс-омикрон» анықталғанын хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!