Фото: Официальный сайт президента Казахстана

Sputnik. Қызылорда облысының ауылдарында 27 медициналық нысан салынады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысындағы ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, сондай-ақ дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарланған.

«Сондай-ақ Шиелі және Жаңақорған қалаларын қоса алғанда, 4 ауданаралық аурухана күрделі жөндеуден өткізіліп, медициналық жабдықтармен жарақтандырылады», – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды есепке алу мен жоспарлауға мүмкіндік беретін кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесі (кәсіби тіркелім) әзірленіп жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!