ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше «сары» аймақта тұрған Қызылорда облысы бүгін «жасыл» аймаққа шықты. Ал кеше «жасыл» аймақта тұрған Маңғыстау облысы керісінше «сары» аймаққа кірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!