Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова Мүтәліпқызы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазіргі эпидемиялогиялық ахуалға тоқталып өтті. «Республика бойынша күнделікті санаулы жағдайлар ғана тіркеліп отыр. Ал біздің облысқа келер болсақ, 7 мамырдан бері әлі бірде-бір коронавирус инфекциясы анықталмады. Яғни, ахуал тұрақты деуге болады. Дегенмен 2020-шы жылдың наурыз айынан бастап, облыста жалпы саны 24 114 коронавирус инфекциясының нақтыланған жағдайы тіркелген.

Ең жоғарғы көрсеткіш осы жылы қаңтар айында тіркелді. Ауру саны – 4000 адам. Соңғы тұрақталған ахуал наурыз айында – 13 жағдай тіркелді. Сәуір айында 3 жағдай, ал мамыр айынан бүгінгі күнге дейін 2 жағдай ғана орын алып отыр. Облысымыз екпе жұмыстары бойынша республика көлемінде алдыңғы қатарда келеді. Вакцинацияны қамту деңгейі 94%-ды құрайды. Бізде жоспарланған контингенттің 69 000-ға жуығы әлі ревакцинациядан өткен жоқ. Сол себептен де бүгінгі күні біз тұрғындарды осы шараны толығымен тиісті деңгейде жеткізуге шақырамыз», – деді департамент басшысының орынбасары.

Өңірде бірінші ревакцинацияны алған адамдар 6 айдан кейін тағы да файрез вакцинасымен ревакцинациялануына мүмкіндік бар. Әр тұрғын жергілікті емханаға барып, өзінің аймақтық дәрігеріне қаралып, денсаулығында кері фактор болмаса қайта ревакцинация алуына болады. Ауырып қайта сауыққан адамдар міндетті түрде 6 айдан кейін ревакцинациядан өтуі керек.

Айта кету керек, қазіргі күні облыста вакцинаның жеткілікті қоры бар. Күні кеше файзердің қосымша қоры келген. Республика көлемінде мутацияланған жаңа түрі – Стелс омикроны 12 өңірден анықталып отыр. Осы жылдың наурыз айында короновирус инвекциясы нақтыланған 10 науқастан алынған анализді референс лабораторияға жіберген болатын. Нәтижесінде 10 штамның 3-еуінде осы мутацияланған штамм анықталып отыр. Бұл BA1 типтегі жаңа мутацияланған штамм. Біздің облыста стейс омикрон штамы әлі анықталмаған.

Ботагөз Әбен

Қорқыт ата университеті

 журналистика факультетінің

2-курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!